jasqazaq.kz

Е.Біртанов оқу орындарының қашықтан оқытуға көшетіні туралы ақпаратқа түсінік берді

05 наурыз 2020, 17:50

Қазақстанда коронавирусқа байланысты оқу орындары қашықтан оқытуға көшетіні туралы ақпараттар тарап жатыр. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ОКҚ брифингінде осыған байланысты түсініктеме берді. «Мемлекеттегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен арнайы алгоритм бекіттік. Егер елде коронавирус табылып, ары қарай тарап кетсе, қандай шаралар енгізілетіні туралы Б жоспары құрылды. Соның аясында осындай (қашықтан оқыту) шектеу шараларын енгізуге мүмкіндік бар. Бірақ дәл қазіргі күнде мектептерді, оқу орындарын жабу туралы шаралар енгізіліп жатқан жоқ», — деді Е.Біртанов. Дегенмен бұрыннан жоспарланған көптеген концерттер, келе жатқан мейрамдарға арналған жиналыстар, халықаралық конференцияларды өткізуге шектеу қойылып жатқанын айтып өтті. «Себебі ондай іс-шараларға көптеген адам жиналады. Одан кейін бір-екі күннің ішінде науқастардың табылмауына ешкім кепілдік бермейді ғой. Сондықтар алдын-ала шектеу қойған дұрыс», — деді министр.

05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық