jasqazaq.kz

Джо Байден коронавирусқа қарсы екпе салғызды

22 желтоқсан 2020, 10:45

АҚШ-тың сайланған президенті Джо Байденге тікелей эфирде коронавирустан екпе салынды. Вакцинаны Pfizer және BioNTech компаниялары жасаған. Екпе дүйсенбіде Ньюарк қаласындағы (Делавэр штаты) ChristianaCare ауруханасында жасалған. Бұл туралы CNN телеарнасының сюжетінде айтылды.

Байден америкалықтарға вакцинаның қауіпсіз екенін айтты.

«Мен мұны вакцина әзір болған кезде адамдар салғызуға дайын болуы үшін жария түрде көрсетіп жатырмын. Уайымдайтын себеп жоқ. Мен екінші екпені асыға күтемін», — деді ол.

Байден вакцинаны жұбайы Джилл де салғызғанын атап өтті.

Президенттің баспасөз хатшысы Джен Псаки вице-президент Камала Харрис және оның күйеуі Дуг Эмхофф келесі аптада екпе салғызатынын айтты.

Джонс Хопкинс университетінің 22 желтоқсандағы мәліметінше АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 18 миллионнан асты. 319 190 науқас қайтыс болды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия