jasqazaq.kz

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Уханьдағы вирус туралы ескерту жасады

18 қантар 2020, 12:54

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытай билігінен Уханьдағы жаңа вирусқа қатысты зерттеулердің қалай жүріп жатқаны және қандай шаралар қабылданғаны туралы жедел ақпарат беріп отыруды сұрады. Бұл туралы  Vox.com-ға сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

«ДДҰ Уханьдағы шаралар туралы міндетті түрде ақпарат алмасып отыруды сұрайды», делінген агенттік хабарламасында.

2003 жылы Қытайда жаңа вирусты пневмония кең тарағанда мемлекет ақпаратты ұзақ уақыт жасырғаны үшін қатаң сынға ұшыраған болатын. Ол кезде вирусты 8 мың адам жұқтырып, 774 адам қайтыс болған еді.

«Қазіргі таңда жаңа вирус оңтүстік Қытайдағы Хуанань жерінде кең тараған. Вирусты көбіне іскер азаматтар мен базардағы сатып алушылар жұқтырған», деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, АҚШ-тағы үш әуежайда 17 қаңтардан бастап жолаушылардың денсаулығы тексерілетін болады.

«Вирус Таиландтың екі азаматынан, Жапонияның бір азаматынан анықталды. Бұған дейін 2019-nCoV вирусы жануарлардан адамға жұғады деп айтылды. Дегенмен, ДДҰ жаңа вирусты ауруға шалдыққандарды саралай келе жаңа вирус адамнан адамға жұғуы мүмкін екенін ескертеді», деп жазады басылым.

Айта кету керек, жаңа вирус туралы 31 желтоқсанда белгілі болды. Қытай 5 қаңтар күні жаңа вирус анықталғанын хабарлады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде