jasqazaq.kz

Дүниежүзілік банк Қазақстанға 350 млн еуро көлемінде несие берді

24 тамыз 2022, 16:06

Дүниежүзілік банктің Орта Азиядағы аймақтық директоры Татьяна Проскурякова мен ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстанның жекеменшік секторындағы бәсекені арттырып, коронавирус пандемиясынан кейін экономиканы қалпына келтіру үшін Дүниежүзілік банктің Қазақстанға 345,7 млн еуро қарыз беруі туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы Azattyq Ruhy Kapital.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қарыз алу туралы келісімді Дүниежүзілік банктің директорлар кеңесі 2021 жылдың желтоқсанында мақұлдаса, ҚР Президенті тиісті жарлыққа 2022 жылдың 2 шілдесінде қол қойған.

Қарыз туралы құжаттың бағдарламасы бәсекелестікті дамыту, мемлекеттік сатып алу, жемқорлықпен күрес және экономиканы одан әрі цифрландыру мен қаржы секторын нығайту сияқты салаларды қамтыған.

«Өзге қарыздардан қарағанда, бұл несиенің бірқатар артықшылықтары бар. Несие 11,5 жылға берілген, қосымша жеңілдік ретінде 2,5 жыл беріліп отыр», — деп жазады басылым.

Бұл қаражат жекеменшік сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, пандемиядан кейінгі экономиканы қалпына келтіруге бағытталады

Дереккөзге сүйенсек, Қазақстан Дүниежүзілік банктер тобына қосылған соңғы 30 жыл ішінде қаржы ұйымының елімізге берген қолдауы 8,6 млрд доллардан асқан.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр