jasqazaq.kz

Дүниежүзілік банк елімізде кедейлік деңгейі жоғарылайтынын болжады

23 шiлде 2020, 11:56

Коронавирустың таралуымен байланысты дағдағарыс Қазақстанда кедейлік пен теңсіздік деңгейінің жоғарылауына әкеп соғуы мүмкін. Бұл туралы Дүниежүзілік банктің Қазақстан бойынша жазғы экономикалық баяндамасында жазылған. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Баяндамада COVID-19 пандемиясы Қазақстан экономикасы үшін соңғы екі онжылдықтың ішіндегі ең ірі экономикалық салдарға әкелгені және оның өсуіне айтарлықтай кері әсер етіп жатқаны жазылған.

«Ұзақ уақыт бойы дағдарыстың салдары Қазақстанда кедейлік пен теңсіздік деңгейін жоғарылатуы мүмкін. Алдын ала бағалауға сүйенсек, 2020 жылы кедейлік деңгейі болжанған 8,3-тен 12,7 пайызға жетуі мүмкін. Бұл 800 мыңнан астам адамның кедей өмір сүретінін көрсетеді», — делінген хабарламада.

2019 және 2015 жылдары мұнай бағасының төмендеуі жалпы сұранысты азайтқаны және қаржылық сектордың тұрақтылығына нұсқан келтіргені аталып өткен. Ал осы кезекте пандемияға байланысты шектеу шаралары экономикаға қатты зардабын тигізді.

13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі