jasqazaq.kz

Дүние жүзінде карантин қайта енгізілуі мүмкін

14 қыркүйек 2020, 15:29

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебреисус әлемде коронавирус пандемиясына байланысты карантин талабы қайта енгізілуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

«Біз адамдардан айырылдық, экономика тығырыққа тірелді. Әлемдік экономика рецессия жағдайында. Еуропа аумағы да осындай жағжайда. Көптеген мемлекет пандемиядан қатты зардап шегіп жатыр.

Күнделікті ауру жұқтырғандар санының көрсеткіші наурыздағы кезеңмен салыстырғанда жоғары болып тұр. Өлім-жітім көрсеткіші төмен деңгейде. Алайда әр адамның өмірі — трагедия. Егер біз аурудың одан әрі таралмауына шектеу қоймасақ, өлім дерегі тіркеле береді. Карантинді қайта енгізудің қаупі сақталып отыр. Ол әлемдік экономика үшін өте ауыр болды», — деді Тедрос Аданом Гебреисус ДДҰ Еуропалық аймақтық бюросында өткен жиында.

Айта кетейік, әлемде коронавирус жұқтырғандан саны 29 милионға жетті. 19,6 миллион науқас дертінен айықты, 924 мың адам қайтыс болды.

Қазақстанда 106 855 адам COVID-19 жұқтырды. 100 627 науқас жазылды, 1 671 адам аурудан көз жұмды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде