
Алматыда 2 дүкенге жасалған қарулы шабуыл видеоға түсіп қалды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Бейнебақылау камерасына түсіп қалған видеодан күдіктінің дүкенге сатып алушы болып кіргенін көруге болады. Ол кейін пышақ алып, кассадағы әйелді қорқытып, ақша талап еткен. Жәбірленуші барлық ақшаны берген. Кейін ол полицияға хабарласқан.
Оқиға орнына бірінші болып «Буран — 134» экипажы барған. Олар қылмыс болған жерді бақылауға алған.
«Аулалардың бірінде жас жігіт көзге түсті. Ол ұсталды. Күдіктіден пышақ тәркіленді. Ол қылмысын бірден мойындады», — дейді Алматы қаласы ПД ОӘК патрульдік полиция полкі командирінің міндетін атқарушы Алмас Ахмедьяров.
https://youtu.be/lqkvgEQIw5Q