jasqazaq.kz

Дүкенге ұрлыққа түскен әйел ұсталды

06 сәуiр 2020, 13:06

#үйдеотыр

Алматы облысында түнде азық-түлік дүкеніне ұрлыққа түскен әйел ұсталды. Терезенің торын бұзып, дүкенге кірген ол жарма, сүт өнімдері, темекі және т.б. тауарларлары бар азық-түлік себетін ұрлап кеткен. Кассадағы елу мың теңге ақшалай түсімді де қолды қылыпты. Таңертең дүкеніне келген иесі ұрлық болғанын байқап, Алматы облысы Қарасай аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне арызданған. Оқиға орнына жеткен жедел топ күдіктінің дүкенге терезе торын бұзып кіргенін анықтады. Ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен дүкенге көршілес тұратын 32 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ол өз кінәсін толығымен мойындады. Ұрланған азық-түліктің бір бөлігі алынып, айғақ зат ретінде тіркелді. Сондай-ақ, әйелге торды бұзуға көмектескен құрал да тәркіленді. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Polisia.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия