jasqazaq.kz

Дүкендегі қалта ұрысының әрекеті (видео)

24 маусым 2020, 13:52


Нұр-Сұлтанда бірнеше рет сотты болған ер адам дүкенде қыздың iPhone телефонын ұрлап кеткен.
Ер адам құны 386 мың теңге болатын ұялы телефонды дүкенге келушінің қалтасынан байқатпай алып шыққан. Артынша оқиға орнынан жасырынған. Дегенмен ол видеобақылау камерасына түсіп қалған.
Полиция күдіктіні ұстады. 37 жастағы ер адамның осыған дейін ұрлық үшін 7 рет сотты болғаны анықталды. Сондай-ақ, оның 17 рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.
«Ол таяуда бас бостандығынан айыру мекемесінен босап шықты. Дегенмен, оған қарамастан, ер адам тағы да ұрлыққа барған. Осы жағдайға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деді полицейлер.

tengrinews.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия