jasqazaq.kz

Дүкенде пышақ ұстаған әйел шу шығарды (видео)

11 шiлде 2020, 13:48

Әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтандағы супермаркеттердің бірінде ойран салып, келушілерді пышақпен қорқытқан әйелдің видеосы тарады.

Кадрлардан күйінген әйел жан-жағына пышақ сермеп тұрғанын көруге болады. Оны бірнеше ер адам сабырға шақырғысы келеді, бірақ бұл әйелді одан әрі ашуландырады.

«Жақындама маған», — деп айқайлайды әйел сөредегі тауарларды лақтырып.

Сондай-ақ, оның аузынан әділетсіздік және үйде күтіп отырған балалары туралы сөздер шығады.

«Өзімшілсіңдер!», — дейді ол құқық қорғау қызметкерлері келген соң.

Оқиғаға Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

«10 шілдеде сағат 18.00-де полицияға Самал шағын ауданындағы сауда үйінде белгісіз әйел пышақ сермеп, келушілер мен қызметкерлерге былапыт сөздер айтып, тіл тигізгені, витринаның тас-талқанын шығарып, азық-түлікті шашып жатқаны туралы ақпарат келіп түсті.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері бұл деректі растады. Ұстау кезінде бұрын сотталған 1990 жылға әйел полицейлерге қарсылық көрсетті. Ол полиция басқармасына жеткізілді, тексеру жүріп жатыр», — делінген хабарламада.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде