jasqazaq.kz

Дүкенде бір қызды екі бойжеткен сабап кетті

11 қыркүйек 2020, 18:20

Қарағандыда тәртіп сақшылары дүкендердің бірінде шу шығарған қос бойжеткенді ұстады. Бұл туралы  Polisia.kz хабарлайды.

10 .қыркүйек күні Қарағанды қалалық ПБ Орталық полиция бөліміне 23 жастағы Шахтинск қаласының тұрғынынан арыз түсті. Ол сағат 14.00 шамасында Қарағанды қаласының Бұқар-Жырау даңғылының бойында орналасқан дүкендердің бірінде өзін қос қыздың соққыға жыққаны туралы хабарлаған.

Оқиға былай басталған, жәбірленуші дүкенге кіргенде адамдардың көптігінен байқаусызда бір қызды қағып кеткен. Ал ол болса барлық дүкенге келушілердің көзінше оған балағат сөздер айтып, қасындағы құрбысы екеуі жәбірленушіні соққыға жығып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Төбелес болған жерге келген патрульдік полиция полкінің наряды жәбірленушінің сипаттауымен күдікті азаматшаларды анықтады.

– Қоғамдық орында жәбірленушіні соққыға жыққан екі бойжеткен — 26 жастағы Қарағанды қаласының тұрғындары. Олар бұрын да осындай қылықтары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал, қазір олар қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады, – деді Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 293-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия