jasqazaq.kz

Дүкен сөрелеріндегі торттардан ішек таяқшасы табылды

29 наурыз 2019, 10:48

Қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті бірнеше азық-түлік құрамынан зиянды ішек таяқшаларын тауып, тұрғындарға аталған тауарларды сатып алмау керектігін ескертеді. Бұл туралы ҚазАқпарат мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады

«Үстіміздегі жылдың наурыз айында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген мониторинг барысында «Астана Нан Торт» ЖШС-нің «Вкусняшка» кондитерлік өнімдерінен (йогурт, сүзбе және Королевский торттарынан) ішек таяқшалары табылды. Сондай-ақ, «Беспалинова З.Р.» жеке кәсіпкерлігіне қарасты «Марс» дүкенінде ішек таяқшалары бар және таңбаланбаған азық-түлік анықталды. Оның ішінде теңіз қырыққабаты және саңырауқұлақтан жасалған салат. Одан бөлек, «Respeсt inc» ЖШС-ның хот-дог және француз сэндвичтерінен де аталған бактерия түрі табылып отыр», — делінген департамент хабарламасында. Осыған орай, қоғамдық денсаулық сақтау департаменті елорда жұртынан жоғарыда аталған азық-түліктерді сатып алмау және жалпы тауар сатып алу кезінде сыртқы қорабына мұқият қарауды сұрайды. Сонымен қатар, аталған денсаулық сақтау мекемесі ҚХР-де шығарылған «Monster Elves», «Lol Surprise» қуыршағы, «Lol Surprise» капсуласы және «BOY SERIES» (ер балаларға арналған) қуыршағында формальдегид химиялық заттегі барын анықтады. Сондықтан «Астаналық базар» (Артем) сауда үйінде сатылып жатқан аталған қуыршақтарды сатып алмау керектігін ескертеді. Хабарламада айтылғандай, қазіргі уақытта, балаларға қауіпті ойыншықтарды сауда айналымынан алып тастау жөнінде жұмыс жүріп жатыр. Сол сияқты қаладағы басқа да «Золотой ключик», «Ақбота», «MARWIN» секілді балалар ойыншығын сататын дүкендерге тексеру жұмыстары жүргізіледі. Қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті бас қала тұрғындары мен қонақтарынан қала бойынша сауда сөрелерінен таңбаланбаған зат немесе азық-түлікті кезіктірген жағдайда 8 /7172/ 31-61-81 немесе 87780127000 телефондарына хабарласуын сұрайды.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда