Дулат Исабеков: Ондайды есі дұрыс адам айтпайды

21 сәуiр 2017, 19:19


Осы аптада Елбасы елімізге белгілі жазушыларды қабылдады. Сол кездесуде Дулат Исабековтың «Шетелдегі қандастардың бәсекеге қабілеттілерін әкелейік», — деген пікірі әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Журналист Ұларбек Дәлейұлы «Қартайған ата-анасын, ауылдағы оқымаған аға-інісін тастап, сопайып жалғыздан-жалғыз келіп, кім опа таппақ мұнда?» – деді. Jasqazaq.kz тілшісі осыған орай жазушының пікірін білді.

Жас қазақ: Дулат аға, кешегі кездесуден кейін қандастарымызға қатысты айтқаныңыз қызу талқыға түсті. Сіз не айтасыз?

Дулат Исабеков: Ия, жұрттар «Кемпір шалды тастап, балаларын алу керек» деп айтып жатыр дейді. Ондайды есі дұрыс адам айтпайды ғой. Президенттің алдында үлкен мәселелер қозғалды. Тіл проблемасы, демографиялық мәселе. Оны шешудің бірден-бір жолы — шетелдегі қазақтардың өз ана тілін ұмытпай тұрғанда түгел көшіріп алу. 5 млн қазақты елімізге әкелу керек. Әсіресе мынау Өзбекстанда талай қазақ бар. 2 миллион қазақ келеміз деп құлшыныс танытып отыр. Моңғолия мен Қытайдағы қазақтарды жинайтын болсақ, 5 миллионна астам қандасымыз шығады екен. Соның бәрін мынау қара Ертістің бойына орналастыру керек. Шаруашылық мамандары арасында достарым бар. Солармен де ақылдастым. Өзім де Ауыл партиясының мүшесі болғандықтан көптеген мәселеге қанықпын. Ол жақта егін егуге жарайтын 2 млн гектардай жер бар. Соның жоспарын жақсылап жасап, сол жерге шоғырландыруымыз керек. Әсіресе Өзбекстандағы қандастарымыз жермен өте жақсы жұмыс істей алады. Оны мынау Темірлан менен Шымкент арасында Шұбаршын деген ауыл бар. Тәуелсіздік алған жылдары орыстар жаппай көшіп кеткен. Сол жер қараусыз қалды. Олар 200-300 долларға сатып кеткен. Ислам Әбішев деген қазіргі шаруашылық ресурстар комитетінің төрағасы, бұрынғы ОҚО әкімінің бірінші орынбасары болып жүрген кезінде мәселе көтерген болатын. Алғашқы кезде 12-13 адам, мектеп директоры келіп жалғыз мектеп салынды. Ол кезде ауыл әкімі деген жоқ. Сол директор бірте-бірте қазақтарды тартып, қазір 30 мыңнан астам адам тұрады.

Жас қазақ: Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды. Бұл әңгіме де жәйден-жәй шықпады ғой. Сіз сөз арасында «бәсекеге қабілеттісін шақыруымыз керек» дегенді айттыңыз ба?

Дулат Исабеков: Жалпы еліміз барлық өзгеріске дайын болу керек. Президент былай деді: «Өмір күнде өзгеріп жатыр. Қазақ әлі жайбарақат күй кешіп жатқан сияқты. Өзгерістерге сай бізде жұмыс істемесек, сол баяғы ескі жұртта қаламыз». Бұл сөз осыдан шыққан болатын. Олардың бәрі дайын нәрсеге келетін сияқты. Баспана бер, куота бер, мал бер. Ал Қазақстанның бұрыннан тұрып келе жатқан халқы жетісіп отыр ма? Мен баяғыда Моңғолиямен алғаш қарым-қатынас жасай бастағанда, қателесепесем Исламов деген ғалым келген. Сол кезде мен оған: Көзің ашық адамсың. Ғылым докторысың. Біздің елде жетісіп отырған жоқ. Ол жақтан келетін қандастарымыз «бәрін дайындап бер» дейді екен. Үй бер, су бер, жылу бер, жұмыс бер, мал бер. Біз қанша оқиғаны бастан кешірдік. Ашаршылық, Екінші дүниежүзілік соғысы. Тізе берсең жеткілікті. Соның бәрін бізбен бірге көрген қанша отандасымыз қазір де үйсіз-күйсіз жүр. Сырттан келген қандасымызды жарылқаймыз ба, әлде осында жүргендерге жағдай жасаймыз ба? Сол себептен елімізге келсеңдер бар жағдайға көнігу керек. Сендер Моңғолоияға көшіп барғандарыңда «Ой, қазақ бауырларымыз келіп қалыпты деп құшағын ашып, жағдайыңды жасап ешкім күтіп алған жоқ. Бардыңдар. Сіңісіп кеттіңдер. Аман қалғандарыңа шүкір»,- деп айтқаным бар. Келемін дегендерге осыны түсіндіріп айтып жатырмыз. Келсін. Туған жері. Осы елмен бірге көрсін. Тәуелсіздігімізді алып, енді есін жиып келе жатқан мемлекетпіз. Қайта олар келсе, пайдасы мол. Қазақ тілінің, руханиятымыздың дамуына септігін тигізер еді.

Әңгімелескен Елдос Өмірзақ

Бүгін, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
Бүгін, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді
22 сәуiр, 15:46
Түркістан полициясы ұрыны ізін суытпай ұстайды
22 сәуiр, 14:37
Түркістан: Террористік тұрғыдан осал нысандар тексеріліп жатыр
22 сәуiр, 14:00
Түркістан полициясы интернет-алаяқтыққа қарсы пәрменді күрес жүргізеді
18 сәуiр, 13:34
Түркістан: облыс полициясы 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтады
17 сәуiр, 15:44
Түркістан: Сайрамдық полицейлер алаяқтықтың алдын алды
16 сәуiр, 12:24
Түркістан: Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол берілмейді