jasqazaq.kz

Дубайда шаңды дауыл соғып, 10 ұшақ жергілікті әуежайға қона алмады

15 тамыз 2022, 10:36

Дубай халықаралық әуежайында кеше ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстер тоқтатылды. Әуежай басшылығы қонуы тиіс 10 ұшақ өзге әуежайларға бағытталғанын мәлім етті. Бұл туралы Khaleej Times басылымына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағын шаңды дауыл басты. Ұлттық метеорология орталығының мәліметінше, Абу-Даби және Дубай халықаралық әуежайларының аудандарында жолдың көріну деңгейі 500 метрден аз болды. Әуе айлағының басшылығы 10 рейсті Dubai World Central және басқа да көршілес әуежайларға жіберуге шешім қабылдаған.

Жергілікті Flydubai әуе тасымалдаушысы қонатын және ұшатын рейстердің кешігуіне ауа райы жағдайлары себеп болғанын мәлімдеді.

Метеорология орталығының ресми ауа райы бюллетеніне сәйкес, шаңды дауыл мен жаңбыр алдағы төрт күн бойы жалғасады.

Абу-Даби полициясы жүргізушілерді қатты жел мен шаңда жолдың нашар көрінуіне байланысты абай болуға және шаңды дауылды фото-видеоға түсірмеуге шақырды.

«Өзіңіздің және өзгелердің қауіпсіздігі үшін бейнекамераға түсіруге немесе телефонға алаңдамаңыз», — деп хабарлады полиция.

Кешкісі Әл-Айн, Рас-әл-Хайма және Фуджейра әмірліктерінде қатты жаңбыр жауды. Билік тұрғындарға су тасқыны мен көшкінге бейім аудандардан аулақ болу қажеттігін ескертті.

Биыл Ирак, Кувейт, БАӘ, Сауд Арабиясы, Иран және басқа да елдердегі құмды дауылдар климаттың өзгеруіне байланысты күшейе түсті, деп хабарлайды AlArabiya агенттігі.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр