jasqazaq.kz

ДСМ көп қолдануға жарайтын маска үшін тағылған айыппұлды түсіндірді

27 тамыз 2020, 12:26

Денсаулық сақтау министрлігіндегілер көп қолдануға жарайтын маска тағуға «тыйым салу» туралы видеоға қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық өзіне айыппұл салынып жатқан сәтті видеоға түсірген. Оған тағылған айып — Санитарлық-эпидемологиялық талаптарды бұзу — ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабының 1-бөлімі. Бапқа сәйкес оған 30 АЕК (83 340 теңге) айыппұл салынады. Видео әлеуметтік желіде жарияланды.

Видеода ер адам жұмыс орнында көп қолдануға жарайтын маска таққаны үшін айыппұл салып жатқанын айтады.

Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіндегілер оқиғаға байланысты пікір білдірді.

«Көп қолдануға жарайтын маскаларға қатысты айтсақ… Бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшиннің қаулысында көп қолдануға жарайтын маска тағуға тыйым салынбаған. Бірақ маска тағудың ұзақтығы қарастырылған. Масканы әрбір 2-3 сағат сайын ауыстырып тұру керек. Әр азамат қандай маска таққысы келетінін өзі таңдайды», — деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде