jasqazaq.kz

ДСМ Қазақстанда карантин талабы қашан күшеюі мүмкін екенін айтты

04 қыркүйек 2020, 16:45

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов елімізде карантин талабы қашан күшеюі мүмкін екенін айтты.

Ол Қазақстанда карантин талабын күшейту немесе жеңілдетуге байланысты болжам 3 жағдайға сүйене отырып жасалатынын жеткізді.

«Бұл жағымсыз, шынайы, позитив болжамдарға негізделіп жасалады. Қазіргі таңда денсаулық сақтау министрлігі мен үкімет жағымсыз болжамға сүйеніп отыр. Ол ұзақ, қысқа мерзімге сүйеніп жасалатындықтан оның кемшілігі өте жоғары болуы мүмкін. Сондықтан денсаулық сақтау министрлігі қысқа мерзімге негізделген, яғни 10-15 күнге негізделген болжамға сүйенеді, — деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Осы орайда Бағдат Қожахметов елімізде 17 тамызда карантин талабы жеңілдегенін атап өтті.

«Тамызда карантин талабы жеңілдеді. Сондықтан көптеген кәсіпкер жұмыс істеуге мүмкіндік алды. Карантин талабының күшеюі немесе жеңілдеуі қоғамдағы адамдардың әрекетіне байланысты. Біз еліміздегі санитар дәрігерлердің талабын мүлтіксіз орындауымыз керек. Біріншіден, маска тағып, арақашықты сақтауымыз керек. Екіншіден, адам көп шоғырланған жерде жиналмауымыз керек. Яғни карантин талабанының күшеюі немесе жеңілдеуі біздің қалай әрекет еткенімізге байланысты», — деп түйіндеді сөзін ресми өкіл.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 106 121-ге жетті. 98 585 науқас айықты, 1 588 адам қайтыс болды.

Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде