jasqazaq.kz

Дрифт жасаған көлік жүргізушісі айыппұл арқалады (Видео)

20 қазан 2021, 15:39

Атырауда дрифт жасаған көлік жүргізушісіне айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Ваз-2114» көлігінің жүргізушісі 18 қазанда сағат 03:00 шамасында дрифт жасаған. «Жедел басқару орталығының бейнебақылауына Атырау қалалық әкімдік ғимаратының тұсында бір орында айналып, дрифт жасаған «Ваз-2114» маркалы автокөлігі түскен. Орталық қызметкерлері аталған деректі патрульдік полиция қызметкерлеріне хабарлап, бағыт берген. Тексеру кезінде аталған автокөліктің рульінде 1998 жылғы жүргізуші болғаны анықталды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 230-бабының 2-бөлімімен (Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзу), 595-бабының 1-бөлімімен (Маневр жасау қағидаларын бұзу) және 630-бабының 1-бөлімімен (Жолдарды, темiржол өтпелерiн және басқа жол құрылыстарын бүлдiру) әкімшілік хаттамалар толтырылған. Сот шешімімен оған 49 589 теңге көлемінде айыппұл салынды.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр