jasqazaq.kz

Досының ұялы телефонын ұрлап кеткен сайрамдық анықталды

01 наурыз 2021, 12:47

Түркістан облысының полицейлері досының ұялы телефонын ұрлаған күдіктіні анықтады.

Сайрам АПБ-на жергілікті тұрғын ұрлықтың құрбаны болғандығы туралы арызданған. Ол досының үйінде отырып екеуі алкогольдік ішімдік ішкен. Содан соң мас болып сол үйде ұйықтап қалған. Алайда таңертең тұрғанында қалтасында тұрған “Samsung Galaxy” маркалы ұялы телефонын таба алмаған. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 100 мың теңге. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Орын алған ұрлық қылмысы бойынша полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Жан-жақты тексеру жұмыстарын жүзеге асырып, көрген-білгендерден жауап алды. Соның нәтижесінде небары екі сағат ішінде жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке-басын анықтап, ұстады. Ол өзінің досы болып шықыты. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қолхатта. Тергеу барысында анықталғандай, күдікті азамат досын үйіне шақырып, араққа сылқита тойдырып, ұйқыға кеткенін күткен. Содан соң қалтасынан ұялы телефонын алып, есік алдындағы шлакаблоктың астына тығып қойған. Осылайша арам ойын іске асырып, досына ұялы телефонын қайтарып бермеген. Өз кезегінде полиция қызметкерлері ескертеді: Мүліктеріңізге сақ болып, қараусыз қалдырмаңыздар. Адам көп шоғырланған аймақтарда құнды заттарыңызға берік болып, сақтық шараларын жасаңыздар. Егер, сіз, ұрлық қылмысының құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада “102” нөміріне хабарласыңыз.

Polisia.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия