jasqazaq.kz

Досының 900 мың теңгесін ұрлаған

27 сәуiр 2021, 16:40

Елорда тұрғыны мобильді қосымша арқылы досының 900 мың теңгесін ұрлаған. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінен мәлім болды.

«Полицияға ірі сомадағы ақшаның ұрлануы фактісі бойынша елорда тұрғыны хабарласты. Оның сөзіне қарағанда, Kaspi банкінің мобильді қосымшасындағы шотынан 900 мың теңге жоғалған. Ақшаның ұрлануына байланысты ол виртуалды алаяқтарға күдік түсіп тұрғанын айтқан. Тергеу амалдары кезінде қаражат жоғалардың алдында жәбірленуші көшеде досын кездестіргені, әңгіме барысында телефон шалу үшін досы оның смартфонын сұрағаны анықталды», — делінген Полиция департаменті мәліметінде.

Белгілі болғандай, күдікті досының телефонын алып, мобильді қосымша арқылы 900 мың теңгені өзінің зайыбының телефонына аударып жіберген. Кейін досына смартфонын қайтарып берген. Күдікті аталған сомадағы қаражат досында бар екенін бұдан бұрын біліп, мүмкіндікті пайдаланып, ақшаны жымқырған.

«21 жастағы күдікті істеген әрекетін мойындады. Факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», — делінген хабарламада.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия