jasqazaq.kz

Досын моншаға көмген адам ұсталды

05 қараша 2018, 17:13

Алматы облысында досын өлтіріп, денесін жаңадан салынып жатқан моншаның ішіне көмген күдікті ұсталды. Қылмыс орнынан қашып кеткен азамат өзге облыс аумағында қолға түскен.

Алматы облыстық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Есік қаласында болған. Мерт болған 31 жастағы азамат жеке үйінің жөндеу жұмыстарына көмектесу үшін танысын шақырған. Түнде екі достың арасында жанжал туындап, 34 жастағы жігіт танысын өлтірген. Қылмыстық әрекетін жасыру мақсатында марқұмның денесін құрылысы аяқталмаған моншасының ішіне көміп, еденді бетонмен құйып тастаған. Қылмыскер оқиға орнынан белгісіз бағытта бой тасалаған. «Жедел іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары күдіктіні Түркістан облысы аумағында қолға түсірді. Қазіргі таңда ол Еңбекшіқазақ ауданының уақытша ұстау абақтысына қамалды. Бұл фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,- деп мәлім етті полиция басқармасының баспасөз қызметінен.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде