jasqazaq.kz

Достықта жоқ шекара

11 қазан 2017, 15:11

«Дос жүрегін шекара бөле алмайды». Осындай тақырыппен Атырауда VІ халықаралық фестиваль өтті. Бұл туралы Jasqazaq.kz хабарлады. 

Стратегиялық маңызы зор шараға Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы кеңістігіндегі Әзербайжан, Грузия, Ресей Федерациясына қарасты Қалмақ, Дағыстан Республикалары мен Самара, Астрахан облыстарынан арнайы делегациялар келіп қатысты. Сондай-ақ, еліміздің Қостанай, Қарағанды, Маңғыстау, Батыс Қазақстан өңірлері және жергілікті Атырау облысы бойынша еңбек етіп жүрген этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Фестиваль аясында облыс орталығындағы Махамбет атындағы қазақ драма театрында концерттік бағдарлама көпшіліктің назарына ұсынылды. Жиырмаға жуық шығармашылық ұжым бойынша 140-қа тарта өнерпаз қатысқан салтанатты шараны атыраулықтар тегін тамашалау мүмкіндігіне ие болды.

Айта кетелік, халықаралық шараны Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» мекемесі ұйымдастырды.

29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты