Достық шағын ауданына газ берілді

09 тамыз 2022, 21:26

Шымкент қаласы, Қаратау ауданына қарасты Достық шағын ауданының халқы енді газдан тапшылық көрмейді.

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жергілікті халықпен жүздесіп, атқарылған жұмыстарды тексерді. Бұл кездесуге қоғам белсенділері, ауыл билері мен Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов те қатысты.

— 2021 жылдың желтоқсан айында 46,06 шақырымға газ жүйесі тартылған болатын. Көгілдір отынмен қамтуда АГРС-3 нысанының іске қосылуын күттік. Енді міне, көптен күткен жұмыс толық аяқталып, сіздерге газ беріліп жатыр. Құжаттары дайын үйлерге газ қосылды. Енді қалғандарыңыз да күз басталмай құжаттарыңызды әзірлеп үлгеріңіздер,-деді шаһар басшысы.

Жалпы Достық шағын ауданында 2686 үй, нақты 15 750 тұрғын бар. Абонемент саны: 2 625. Мердігер мекеме «ГХ Шымкентгаз» ЖШС-гі жобаны 957,838 млн. теңгеге атқарып, жұмысты мерзімінде аяқтады.

Айта кетсек, өткен шылы шаһардағы 5 елді мекенге табиғи газ жеткізілді. Атап айтқанда, Бадам-195 орам, Достық, Азат, Асар-2 елді мекендері мен Тассай шағын ауданының тұрғындары көгілдір отынға қосылу мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ, өткен жылы 3 магистралды газ құбырының құрылысы жүргізілді. Бұл жұмыстарға мемлекеттік бюджеттің есебінен 6 миллиард 100 миллион теңге қаржы жұмсалған. Соның нәтижесінде өткен жылдың соңында Шымкент қаласының тұрғындарын табиғи газбен қамту көрсеткіші 93 пайызға жетті.

Ал, биыл №3 автоматтандырылған газ тарату станциясы іске қосылды. Оның қуаттылығы сағатына 250 мың текше метрді құрайды. Бұл нысан қаладағы газ тапшылығы мәселесін түпкілікті шешуге мүмкіндік беріп отыр.
Шымкент қаласында биыл тағы да 2 магистралды газ құбыры тартылып, 10 елді мекенде ішкі желілер жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін 8 елді мекенде құрылыс жұмыстары аяқталады. Олар Тұран, Көкбұлақ, Ақтас 1-2, Батыс, Қайнарбұлақ, Сәуле (276 орам), Ақжар, Арғымақ, Нұртас, Солтүстік саяжай және Тассай елді мекендері. Нәтижесінде қаладағы 20 мыңға жуық тұрғын табиғи газға қосылу мүмкіндігіне ие болып, қамту көрсеткіші 94,7 пайызға жетеді.

Сондай-ақ, қазір өткен жылы ішкі жүйелердің құрылысы аяқталған елді мекендерде тұрғындармен техникалық шарт жасау және оларды газға қосу жұмыстары жүріп жатыр.
Жалпы, Шымкент қаласын 2025 жылға дейін толық газдандыру жоспарланып отыр.

Тоқтар Жақаш

22 сәуiр, 15:46
Түркістан полициясы ұрыны ізін суытпай ұстайды
22 сәуiр, 14:37
Түркістан: Террористік тұрғыдан осал нысандар тексеріліп жатыр
22 сәуiр, 14:00
Түркістан полициясы интернет-алаяқтыққа қарсы пәрменді күрес жүргізеді
18 сәуiр, 13:34
Түркістан: облыс полициясы 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтады
17 сәуiр, 15:44
Түркістан: Сайрамдық полицейлер алаяқтықтың алдын алды
16 сәуiр, 12:24
Түркістан: Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол берілмейді
16 сәуiр, 12:05
Қайрат Нұрқасымов: Алматы Индустриялық аймағы – қала экономикасына серпін береді
12 сәуiр, 20:37
Түркістан: Полиция полковнигі жастарға есірткінің зардабын түсіндірді
12 сәуiр, 12:11
Түркістан: Сайрам ауданында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өтуде