jasqazaq.kz

Досаев: Салықтық рақымшылық жыл соңына дейін дұрыс аяқталуы тиіс

14 ақпан 2019, 13:41

Салықтық рақымшылық жыл соңына дейін дұрыс аяқталуы тиіс. Бүгін ҚР Қаржы министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Премьер-Министрдің орынбасары Ерболат Досаев ведомствоға осындай міндет жүктеді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Ең басты проблема — бұл ақпараттандыру. Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті мен өзге де аумақтық бөлімшелері заңды немесе жеке тұлға екендігіне қарамастан әрбір салық төлеушіге оларға қатысы бар шараларды жеткізіп, не істеу керектігін түсіндіруі тиіс. Сіздерге сәйкес өтініштің біреулерден түсуін күтудің қажеті жоқ. Әрбір салық төлеушіге дейін хабарласыңыздар. Олар сіздердің ақпараттық жүйелеріңізде бар. Егер хабарлама жіберу қажет болса, онда оны да жасаңыздар, фидбэк алыңыздар. Бұл айтарлықтай үлкен жұмыс емес. Бірақ, барынша қамту болуы тиіс. Жұмыс жылдың соңына дейін дұрыс аяқталуы қажет», — деді вице-премьер. Ал Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың айтуынша, 2019 жылдың 1 қаңтарында басталған салықтық рақымшылық шағын және орта бизнестің 90 мың салық төлеушісі ілігеді. Бүгінде олардың ішінде 28,5 мың субъекті 6 млрд теңге салықтарын төлеп, 1,3 млрд теңге өсімпұл пен айыппұлдарынан құтылған. Сондай-ақ елімізде 1,3 млн азаматтық салық қарызы бар. 2019 жылдың 1 қаңтарындағы деректерге сәйкес тұрғындардың қарыз көлемі шамамен 17 млрд теңгені құрайды. Ал оның 5 млрд теңгесі өсімпұл болып отыр.

 

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді