
Әуежайдағы оқиғадан кейін «Дос-Мұқасан» ансамблінің әншісі Мұрат Құсайыновқа 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім етті.
«Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты анықталған фактіні ұсақ бұзақылыққа жатқызып, Мұрат Құсайыновқа 5 АЕК көлемінде, яғни 12 625 теңге сомасына әкімшілік айыппұл белгіледі», — делінген хабарламада. Нұр-Сұлтанқалалықсотыныңмәліметінше, М.
Құсайынов елордадағы халықаралық әуежайдағы тексеру шараларынан өту кезінде кедендік тексеріс қызметкерлеріне қатысты балағат сөз айтқан. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Еске сала кетейік, биылсәуірайында «Эйр Астана» компаниясыполицияға «Дос-Мұқасан» ансамблінің белгілі әншісі Мұрат Құсайынов өз қызметкеріне қол көтерді деп шағым түсірді. Бұл оқиға 14 cәуірде «Нұр-Сұлтан-Алматы» бағытындағы КС852 рейсінде болған еді. Кейіннен М. Құсайынов бұқаралық ақпарат құралдарында осы жағдайға қатысты өзінің пікірін айтқан болатын.