jasqazaq.kz

Дос Көшім: «Ресейдегі соңғы қазақ мектебінің жабылғанын қолдаймын»

06 наурыз 2019, 15:59

Дос Көшім:

Мен Ресейдегі соңғы қазақ мектебінің жабылғанын қос қолымды көтеріп қолдаймын.
Себебі, ол орыс мемлекетінің өз идеологиясы бар. Ондағы тұрғындар да орыстілін білу керек. Сондықтан, қазақ мектебі жабылады. Және ЖОО-ларда да басқа тілден сабақ берілмейді.

Бұл Германияда да бар, Францияда бар, барлық мемлекеттерде бар нәрсе. Сондықтан, оған бола ашуланудың қажеті жоқ.
Біздің ренжитініміз, өзіміз сондайқадамға бара алмай отырмыз. Бізде ешқандай автономия жоқ. Мысалы, Ресейде татарларға, башқұрттарға басқаларға өздерінің тілдері болу керек дейді. Бізде ондай жоққой. Бізде барлығы Мемлекеттік тілде болу керек. Сондықтан біз де барлықмектепті қазақ тіліне көшіруге тиіспіз.
Тіл негізінен отбасында сақталады. Біздегі шешендерді, ингуштарды қарасаңыз бірімен-бірі тек қана өз тілдерінде сөйлеседі. Күрттер, түріктер де солай. Олар орыс мектебінде оқиды, кейбірі қазақ мектебінде оқиды. Бірақ, өзара тек қана ана тілдерінде сөйлеседі. Бұл отбасындағы қағида. Сондықтан олжақтағы ағайын баласына кішкентайынан қазақ екенін құлағына құйып өсірсе, тілін, мәдениетін сақтапқалуға болады. Бұл жерде мектепке байланып қалған ештеңе жоқ.

Иә, олар да сол мемлекеттің азаматы есебінде жақсы қызмет атқарғысы келеді, бәсекеле сболғысы келеді. Ол үшін орыс мектептерінде оқығандары дұрыс. Егер, болашақтарын сол елмен байланыстырып, сонда қалуға ниеттенгендер болса. Ал, “мен қазақтың азаматымын, қазақмемлекетінд етұрамын” деп келгендер болса, әрдайым есігіміз ашық. Егер, келмейтінболса, өздерінің таңдауы, қажет болса солжерде жүріп-ақ қазақ мәдениетін сақтап қалар. Ол — орыстың ортасы. Оны мойындауымыз керек. Қытайдағы, Өзбекстандағы, басқа жақтағы қазақтар да осыны ойлану керек. Сондықтан бұл жерде “есің барда елің тап” деп бір-ақ нәрсе айтуға болады.

Арман Шораев:

Дәл қазір Мәскеудің орталығындамын. Қарапайым ғана нәрсені түсіне алмай отырмын, құрметті ресейліктер!

Сіздердің іні-қарындастарыңыз үшін біздің елде 1500 орыс мектебі бар. 1 мектепте 2400 славян білім алады деп есептесек, 3 млн 600 славян орысша оқып жатыр.
Енді 900 мың Ресейдегі қазақтарды есепке алып, математикалық пропорцияға салсақ, онда ең аз дегенде 360 қазақ мектебі болуы шарт.
Сіздер бұндай құқықты қазақтан басқа Ресейде тұрып жатқан татар, кавказдарға да бермей отырсыңдар. Қайда сіздердің көп ұлтты мемлекет болғандарың?
Мен сіздердің үкіметке 360 қазақ мектебін ашуды сұрай алмаймын. Алайда өз елімдегі биліктен Қазақстандағы 1500 орыс мектебін жабуды талап ете аламын.
Әрине сіздер ол кезде маған «фашист», «ұлтшыл» деп атыласыңдар.
Енді осыдан кейін өздеріңнің кім екендеріңді өздеріңіз айтыңыздар. Ұлы орыс шовинизмі боп қалсаңыздар, сіздердің болашақтарыңыз жоқ. Мемлекеттеріңде осындай үлкен мәселе тұр.

Арман Шораевтың фейсбук парақшасынан алынған

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда