jasqazaq.kz

Дос Көшім: Қоғамда мемлекеттік тілге деген сұранысты арттыру керек

16 қазан 2018, 12:19

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Түркістан облысында өтетін «Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде» атты семинарға байланысты баспасөз жиыны өтті.

Онда Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптама кеңесінің мүшесі, саясаткер Дос Көшім мемлекеттік тілдің мәртебесі жайында сөз қозғады. Дос Көшімнің пікірінше, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру үшін қоғамның осы мәселеге келгенде белсенділігі жоғары болуы тиіс. «Кеңес үкіметінің шекпенінен босап шыққан елдердің арасында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру жағынан кемшін тұстарымыздың бары жасырын емес. Бұл олқылықтың орнын толтыру үшін қоғам болып атсалысу керек. Яғни, мемлекет тарапынан қазақ тіліне жасалып отырған жағдайды дұрыс пайдалануымыз. Соңғы кездері қоғамда жиі айтылып жүрген мәселенің бірі мемлекеттік тілді көтеру. Әлеуметтік желілерде, жиындарда түрлі ұсыныстар мен пікірлер айтылып жатады. Бірақ, іс жүзіне келгенде ешкім оны орындап жатқан жоқ. Менің айтқым келгені қоғамда мемлекеттік тілге деген сұранысты арттыру керек. Азаматтар тарапынан қажеттілік болмаса, бұл мәселе сол күйі қала бермек», — деді Дос Көшім. ҚазАқпарат хабарлағандай, жиында қазақ тілін латын қарпіне көшіру жайы да сөз болды. Жылдың соңына қарай латын әріптеріне ыңғайластырылған жаңа әліпби қабылданатынын айтқан брифингке қатысушылар осы мәселеге де бейжай қарамау керек екенін жеткізді. Ғалымдармен өткен жиындарда ұсыныстарды ортаға салып, белсенділік таныту керектігі айтылды. Жиын соңында 2018 жылдың 15-17 қазан күндері Түркістан, Кентау, Арыс, Шымкент қалаларында «Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде» атты республикалық семинардың өтетіндігі белгілі болды.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді