jasqazaq.kz

«Дордой» базарында өрт болды

06 тамыз 2019, 11:18

Қырғызстандағы «Дордой» базары отқа оранды. Өрт тұрмыстық техника қоймасынан шыққан.

Кешкі уақытта тұтанған жалын лезде күш алып, 1500 шаршы метр аумақты шарпыған. Салдарынан екі адам зардап шегіп, медициналық көмек көрсетілді. Қазір өмірлеріне төніп тұрған еш қауіп жоқ.
Орталық Азияның ең ірі базары саналатын «Дордой» сауда орталығының қоймасында өрт кешкі 8-дер шамасында бас алған. Оқиға орнына 6 өрт сөндіру бригадасы жұмылдырылды. Лезде күш алған жалынды өшіру оларға оңай соқпапты. Өйткені, қоймадағы тұрмыстық техникада жаңғыш заттар бар болған. Осылайша алау тек 12 сағаттан кейін әрең ауыздықталған. Тілсіз жаудың кесірі айналадағы аудандарға тиіп, олар жарықсыз отыр. Қазір құтқарушылар мен мамандар шығын көлемі мен өрттің себебін анықтап жатыр.

КТК

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда