jasqazaq.kz

Допингпен ұсталды. Сергей Ковалев пен өзбек боксшының жекпе-жегі өтпеуі мүмкін

15 қантар 2021, 13:08

Жартылай ауыр салмақта бұрынғы әлем чемпионы Сергей Ковалев (34-4-1, 29 КО) допингке тесттен өте алмады. Бұл туралы ESPN сарапшысы және бокс шолушысы Дэн Рафаэль мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның айтуынша, VADA өкілдері бұл мәліметті растады.

Ковалев кейінгі жекпе-жегінде мексикалық Сауль «Канело» Альварестен жеңілген болатын. Оның келесі кездесуі 30 қаңтарда 2016 жылғы Олимпиада жүлдегері өзбекстандық Бектемір Bek Bully Меликузиевке (6-0, 5 КО) қарсы өтуі керек еді. Бұл кездесу бастапқыда Мәскеуде жоспарланып, кейін Америкаға ауыстырылған. Енді жекпе-жек мүлде болмайтынға ұқсайды.

«Сергей Ковалевтің тесті синтетикалық тестестерон барын көрсетті. VADA өкілдерінен хат алдым, онда мән-жай айтылған. Демек оның 30 қаңтар DAZN платформасындағы Бектемір Bek Bully Меликузиевпен жекпе-жегі өтпейтін шығар», — деп жазыпты Рафаэль твиттер желісінде.

Tengrinews.kz

 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия