jasqazaq.kz

Допингпен ұсталатын спортшылардың жазасы қатаңдады

18 қыркүйек 2019, 15:12

Мәжіліс допинг үшін 200 АЕК немесе 505 000 теңге айыппұл салуды көздейтін заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

Мәжілістің жалпы отырысында дене шынықтыру және спорт мәселелер туралы заң жобасы екінші оқылымда қаралды. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Наталья Жұмаділдаеваның айтуынша, құжатта допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін спорттан шеттету, спорт нәтижесін жою, ай сайынғы төлемді тоқтату, құрама және штаттық командалар құрамынан шығару, спорттық атақтан, спорттық разрядтан және біліктілік санатынан айыру, баспана мен ақшалай сыйақыны қайтару сияқты шаралар көзделген.
«Бұдан бөлек, жеке тұлғалар үшін допинг қолданғаны және қолдануға әрекет жасағаны үшін 200 АЕК мөлшерінде (505 000 теңге) әкімшілік жаза қарастырылған», — деді депутат.
Ал лауазымды тұлғаларға қатысты еңбек заңнамасына сәйкес шаралар қолға алынады.
«Чемпиондар мен жүлдегерлерге жергілікті атқарушы органның коммуналдық тұрғын үй қорынан жалға баспана беріледі. Ал 10 жыл өткен соң, оны меншікке алуға болады. Бұл ретте, әлемдік біріншілік чемпиондары мен жүлдегерлері қайтыс болған жағдайда, осы тұрғын үйді меншікке алу үшін олардың мұрагерлерінің мүддесі ескеріледі», — деді Жұмаділдаева.
Сондай-ақ, Паралимпида ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерінің жергілікті атқарушы органнан тұрғын үй алу кезінде қажеттіліктері ескеріледі.
Төменгі палата депутаттары заң жобасын бірауыздан мақұлдады. Енді ол сенатқа жіберіледі.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде