jasqazaq.kz

Дональд Трамп: АҚШ Қазақстанмен мығым әріптестікті бағалайды

25 маусым 2019, 13:52

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануына орай, АҚШ Президенті Дональд Трамптан құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлайды Ақорда.

«Осы жылдардың ішінде екіжақты қарым-қатынастарымызда үлкен жетістіктерге қол жеткіздік, ынтымақтастық рухымыздың әрі қарай да жалғаса беретініне кәміл сенемін. Америкалық бизнестің Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастықты кеңейту бағытында жаңа мүмкіндіктер алғаны қуантады», — деп жазды Дональд Трамп. Ақ үй басшысы, АҚШ-тың Қазақстанмен кеңейтілген стратегиялық әріптестікті ілгерілету жолындағы бірлескен жұмыстарды жалғастыра беруге ниетті екенін атап өтті. «АҚШ Қазақстанмен мығым әріптестікті бағалайды. Орталық Азия мен жаһандық деңгейдегі ортақ мүдде аясында Сізбен және Қазақстан халқымен бірлескен жұмыстарды жалғастыра бермекпіз. Жұмысыңызға мол табыс тілеймін», — делінген АҚШ Президентінің құттықтауында.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық