jasqazaq.kz

Доллармен аяқ киімін сүрткен жігіттің видеосы пайда болды

19 наурыз 2018, 17:59

Желіде белгісіз жас жігіттің 100 АҚШ долларымен аяқ киімін сүртіп жатқан сәтінің видеосы пайда болды. Онда жігіт айналасындағыларға «Түсірмеші» деп ескерту жасап, аяқ киімін тазалауды әрмен қарай жалғастырады.

Жігіттің бұл әрекеті желі қолданушыларының ашуын тудырды. Басым көпшілігі жігіт бұл арқылы өзіне ұпай жинағысы келгенін айтып сынның астына алды. Тағы бірі маңдай термен таппаған соң ақшаның қадірін түсінбейтінін алға тартты.

«Сол ақшаны маңдай теріңмен тапсаң көрер едім бәтеңке сүрткеніңді», «Ақшаның киесі жаман. Мақтанып аяқ сүрткенше, жұртқа нан әпергеніңді түсіруің керек еді», «Аяқ сүрткенше садақа тастауың керек еді. Сонда қарғыс емес, алғыс алар едің» деп ашынды желі қолданушылары.

Видео еліміздің қай өңірінде түсірілгені белгісіз, тек бұл оқиға білім ұяларының бірінде орын алғанын байқауға болады.

Видео: желіден алынды

NUR.KZ

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде