jasqazaq.kz

Доллардың өсуі тауар бағасына әсер ете ме?

03 тамыз 2018, 22:28

 Доллар тағы қымбаттады. Ақша айырбастау пунктерінде қазір 351 теңгеден саудалануда. Ұлттық банкктегілер төл ақшамыздың тоқтаусыз әлсіреуін Қазақстанға миллиардтаған долларын құйған ірі шетелдік инвесторлардың кетуімен түсіндірді.Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Яғни, олар валютасы тұрақты елдерге ақшаларын салуды жөн санайды. Американың федералдық қор жүйесі де саясатын күшейтіп, пайыздық мөлшерлемелерін бірден көтерді. Бұл өзгеріс көптеген дамушы елдердің ұлттық валютасына әсер етпей қоймады. Мысалы, жыл басынан бері Аргентинаның песосы 36%-ға, түріктің лирасы 28%-ға, Бразилия мен Оңтүстік Африка Республикасының валютасы 13%-ға құнсызданған. Бас банктегілер өзге елдермен салыстырғанда төл теңгенің шатқаяқтауы түк емес дейді. Яғни, теңге тек 9%-ға құнын жоғалтыпты. Ал АҚШ Конгресі антиресейлік санкциясын күшейтуді шешсе, рубль да бірден 15 пайызға құнсызданады деп көрші ел сарапшылары болжап қойыпты. Тамыз айы осылайша ешбір елдің экономикасына оңай соқпайын деп тұр. Бүгінде ақша айырбастау пунктерінде 1 доллар 350-351 теңгеден сатылып жатыр. Алайда, импортқа тәуелді Қазақстанға доллардың өсуі өз кесірін тигізбей қоймайтыны анық. Енді шетелден келетін тауарлардың бағасы одан ары шарықтамақ. Осы орайда, Ұлттық банк өкілдері импорттан гөрі, экспортқа иек артуға, бизнесмендерге отандық өнімнің көлемін мейлінше ұлғайтуға кеңес берді.

Иван СЕРДЮК Ұлттық банкінің басқарма басшысы:

— Айта кетейін, мұнай бағасының өсуі теңгенің нығаюйына ықпал ететін фактор. Дегенмен, наурыз айының соңында елімізге құйған инвестицияның көлемі 1 миллиард 400 миллион долларды құраған.Ал, шілдеде бұл көрсеткіш 450 миллион долларға бір-ақ түсіп кетті. Бұл өзгеріс теңгенің әлсіреуіне тікелей әсер етті. Сондықтан қазір қандай да бір болжам айту өте қиын.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді