
Ұлттық банк 16 наурызға арналған доллардың теңгеге шаққандағы ресми бағамын белгіледі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Сәрсенбіде доллар бағамы 512,19 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 5 наурыздағы ресми бағамы 511,71 теңге болған еді. 16 наурыздағы рубльдің ресми бағамы — 4,57 теңге.

Kurs.kz деректері бойынша, қазір Алматының айырбас пункттерінде доллардың орташа бағамы — 515 теңге, ал сатылымда — 519,69 теңге. Нұр-Сұлтандағы айырбас пункттерінде долларды орташа есеппен 515 теңгеден сатып алып, 519,17 теңгеден сатып жатыр.