jasqazaq.kz

Доллар бағамы қандай?

13 наурыз 2020, 12:32

Жұма күні теңгенің долларға шаққанда ресми бағамы 399,24 теңге болды. Ал ақша айырбастау пунктерінде АҚШ-тың валютасы 407-409 теңгеден сатылып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Көптеген ақша айырбастау пунктері америкалық валютаны сатуды тоқтатты.

Ұлттық банктің 13 наурыздағы ресми бағамы 399,24 теңге болып бекітілген. KASE-де бағам 405,05 теңге болды.

Ақша айырбастау ережесі
1 ақпаннан бастап Қазақстандағы ақша айырбастау пунктері жаңа ережемен жұмыс істейді. Ақша айырбастау уақыты 9:00 мен 20:00 аралығында бекітілді. Алайда бұл талап теміржол вокзалында, казинода, әуежайда, сондай-ақ, шекарадағы көлік өткізу бекеттерінде орналасқан пунктерге таралмайды. Ал ірі сауда орталықтарында шетелдік валютаны 22:00-ге дейін айырбастауға болады.

Бұдан бөлек, 500 мың теңгеден (1 323 доллар) асатын соманы айырбастағанда жеке куәлік пен мекенжайды көрсету керек.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия