jasqazaq.kz

Доллар бағамы бірден 6 теңгеге арзандады

08 қантар 2019, 11:50

Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 372,51 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат KASE-ге сілтеме жасап.

Жұма күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 6,64 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға — 372 теңге, ал ең жоғарысы — 374,5 теңге болған. Сауда көлемі 33,55 млн долларды құрады. Жұма күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 379,15 теңгені, күндізгі сессияда 377,56 теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 378,12 теңгені құраған болатын. Сауданың жалпы көлемі 132,3 млн доллар болды. Еске сала кетейік, өткен бейсенбіде теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 1,82 теңгеге — 383,46 теңгеден 381,64 теңгеге дейін төмендеген, ал жұма күні теңгеге төмендеп, 379,15 теңгені құрады.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық