jasqazaq.kz

Доллар ақша айырбастау пунктерінде 440 теңгеден сатылуда

17 наурыз 2020, 11:10

Доллар Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде 439,5-440 теңгеден сатылуда.

Kurs.kz-тің хабарлауынша, 9:30-да Нұр Сұлтандағы жеке айырбастау пунктерінде американдық валюта 440 теңге тұрады. Алматының айырбастау пунктерінде доллар 439,5 теңгеден сатылуда. Сатып алу бір доллар үшін 435-437 теңге аралығында белгіленді.

Ұлттық банктің 17 наурыздағы ресми курсы 434,59 теңгені құрады.

16 наурызда қазақстандық биржаларда доллар бағасы 450 теңгеге жетті.

Ұлттық банк базалық ставка мен сыйақы ставкаларын жылдық 12 пайыз деңгейінде ұстап тұру туралы шешім қабылдады.

Сарапшылардың айтуынша, COVID-19 коронавирусының таралуы, сауда соғыстарының салдары және геосаяси шиеленістердің өсуіне байланысты қалыптасқан белгісіздік пен қауіп-қатерлер жағдайында әлемдік экономиканың айтарлықтай және тұрақты баяулауы күтілуде. Әлемдік ЖІӨ-нің өсу қарқыны 2008 жылғы жаһандық дағдарыстан кейінгі ең нашар болуы мүмкін. Дүниежүзілік қор биржаларындағы көрсеткіштер инвесторлар арасындағы теріс күтулер нәтижесінде соңғы 30 жылдағы ең үлкен құлдырауды көрсетті.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі