jasqazaq.kz

Дөкейлерден құралған қылмыстық топ құрықталды

13 наурыз 2021, 12:29

Семейде алтын рудасын ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды. Оның құрамында қарапайым басбұзарлар емес, құқық қорғау органдарының қазіргі және бұрынғы қызметкерлері болған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Әркен Әбдіғали, ҚР ҰҚК ресми өкілі:

— Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар және Семей қалаларында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесуде ауқымды арнайы операция жүргізді.

Дөкейлерден құралған қылмыстық топтың 16 мүшесі болған. Бір мезетте төрт қаладан ұсталғандардан қомақты қаржы, алтын құймалар, байланыс құралдары және өзге де заттар тәркіленді. Адам ұрлау, бопсалау, кісі өлтіруге оқталу, Шығыс Қазақстан облысындағы кәсіпорындардың бірінен құрамында алтыны бар шикізатты ұрлау дерегі бойынша айып тағылды. Бейресми ақпаратқа сүйенсек, Семейдегі қылмыстық топ өкілдері ай сайын 400 миллион теңгеге бағаланатын алтын кенді ұрлап келген. Алайда құзырлы орындар тергеу құпиялығына байланысты алтын ұрлаушылардың бар қылмысын ашып айтпай отыр.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия