jasqazaq.kz

Дмитрий Таңатаров туралы мәліметтер жария етілді

21 қазан 2016, 22:46

snimok

Ақтөбеде болған лаңкестік шабуылды Дмитрий Таңатаров ұйымдастырған. Теріс ағымның жетегінде кеткен жас жігіттерді жинап, сойқан салуға екі апта бойы тыңғылықты дайындаған да сол 27 жастағы лаңкес екен. Содырлар сотының жабық өтуіне байланысты ақпарат барынша құпия ұсталғанымен, құжаттің бір данасы жергілікті газетке жарияланып кетті. Прокурорлар сонда да Таңатаровқа қатысты мәліметті ашып айтпай отыр.
Андрей Кравченко, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

-Таңатаров әу баста осы топты басқарған.Бағыт-бағдар берген.

Жиһадшы жігіт алдымен Сирияға да аттанбақ болыпты. Бірақ құжаты мен ақшаның жоқтығынан кете алмаған. Ақыры Арман Айтуған есімді сыбайласымен бірлесіп қалада ылаң салуды жоспарлайды. 18 жастағы Сұлтан Қабиевті ертіп, жиһадқа шығуға жігіттерді жинаған. Жалдамалы пәтерде үгіт жүргізіп, соңына ергендерін шабуылға ала кеткен. Террорист Таңатаров қару-жарақ дүкенін алдын ала зерттеген екен. Мылтық пен оқ-дәрінің ашық тұрғанын да біліпті. Содырлар жолында кездескен адамдардың ешбірін аямаған. Амалсыз тәртіп сақшыларынан із суытқанда қала шетіндегі саяжайлар мен орман алқаптарында бой тасалайды. Таңатаровтың өзі танысы арқылы үш сыбайласымен жалдамалы пәтерге жасырынады. Тәртіп сақшылары сол жерде оның көзін жойған болатын. Қазір тірі қалған 9 содыр мен олардың 20 сыбайласы сотталып жатыр.

ktk.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда