Алматыда Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің көлігінің айнасын ұрлаған адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қалалық Полиция басқармасының хабарлауынша, криминалды полициясы басқармасы мен Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері 33 жастағы ер адамды ұстаған. Күдікті бұған дейін 3 рет осындай қылмыс жасағаны үшін сотталғаны белгілі болды. «Ол бір жерде екі рет қылмыс жасағанын мойындады. Қылмыстық іс бойынша айғақ заттар күдіктінің тұратын мекенжайынан табылып, іс материалдарына тіркелді», — деді полиция департаментінен. Айта кету керек, бұл деректер бойынша іс ҚР ҚК-нің 188-бабымен сотқа дейінгі тергеу тізіліміне тіркелді.