jasqazaq.kz

Дизель отынының бағасы шарықтап кетті

02 қараша 2018, 11:13

Қазақстанда да дизель отыны қымбаттады. Қазір отын бағасы – 192,4 теңге. Бұл – ел тарихындағы айрықша өсім. Энергетика министрлігіндегілердің сөзіне сенсек, баға қараша айында қайта арзандайды. Бүгінде 5 ірі желі бағамды ауыстырып үлгерген. Бағаның бұлай құбылуына күзгі орақ маусымының қызған шағындағы шығындар себеп болған. Жалпы, елімізде орташа баға 2013 жылдан бері ауысып келеді. Бұл туралы «Хабар 24» арнасы хабарлады.

Мұнай өндіру көлемі 104 млн тоннаға жетеді 2025 жылға дейін Қазақстанда мұнай өндіру көлемі 104 млн тоннаға жеткізіледі. Ал 2019 жылы 4-мұнай өңдеу зауыты салынуы ықтимал. Қазір елде 330 мың тонна қара алтын қоры бар. Ендігі мақсат – импортты азайтып, экспортты еселеу. Сәл кейін шегінсек, өткен жылы еліміз мұнай сатудан 26,6 млрд доллар тапты. Бұл – жалпы әлемдік мұнай табысының 3,2 пайызы. «Нарық.кз» сайтының хабарлауынша, Қазақстан мұнай пайдасы бойынша 10-орында тұр. Көшті Сауд Арабиясы бастайды. Мұндағы табыс – 133,6 млрд доллар.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

— Еліміздің мұнай өндірісінің драйверлері әдеттегідей үш ірі мұнай-газ жобасы – Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған болып отыр. Аталмыш жобалар орта мерзімді уақытта елдің экономикалық өсіміне айтарлықтай үлес қосуға мүмкіндік береді. Мұнай өндіру көлемі 2025 жылға қарай да өсетін болады және жылына 104 млн тонна деңгейіне шығады. Ол үшін барлық үш кен орнында одан әрі кеңейту және өндіруді ұзарту жобалары жүзеге асырылуда.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық