jasqazaq.kz

Дизель отыны қымбаттап кетті

07 қараша 2017, 22:05

Мәселен Семейдегі жанармай бекеттері осы сұйық отынды тек талон бойынша ғана құюға мәжбүр. Соның салдарынан, әсіресе ауыр техника жүргізушілері қиындық көруде. Көліктері қантарылып, жұмысқа шыға алмай отыр. Ал Оралда Ресейден әкелінетін дизель отынының құны шарықтап кетті. Бүгінде, оның бір литрі 219 теңгеден сатылып жатыр. Бұл октан саны ең жоғары бензиннен де қымбат. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Оралда дизель отынын кез-келген жанармай құю бекетінен табуға болады. Әйтсе де, мұнда аспандаған баға рекордтық көрсеткіш жетіп отыр. Қымбаттау жағынан, әсіресе, Ресейден тасымалданатын дизель алда тұр. Оның бір литрі 219 теңгеден саудалануда. Ал жергілікті атқамінерлер елімізде өндірілетін дизельдің 180 теңгеден сатылып жатқанын айтып ақталды. Алайда олар оның қоры 20 күнге ғана жетеді дейді. Сондықтан баға әлі де өсуі мүмкін.

Александр Воронков, көлік жүргізушісі:

-Дизель отынының құны өсіп жатыр. Мұның зардабын қарапайым біз тартудамыз. Егер оның бағасы көтерілсе, азық-түлікке де әсерін тигізетіні сөзсіз ғой. Сонда қалай күн көреміз? Мұны бір жолға салмаса болмайды.

Ал Семейде дизель отыны тіпті тапшы. Қазір ол қала бойынша бір ғана жанармай бекетінде бар екен. Әйтседе, оның өзін тек талон бойынша ғана беріп жатыр. Соның кесірінен кейбір жүргізушілер жолда қалып қойған.

Евгений Емельянов, көлік жүргізушісі:

-Мен үйіме жетемін бе, жетпеймін бе, білмеймін. Қалада дизельдің жоқ деген масқара ғой. Күнделікті жүріп- тұру үшін жүк көлігіме 20-25 литр қажет. Қазір бакта шамамен 5-ақ литр қалды.

-Семейде демалыс күндері дизель отынының бағасы аспандап кеткен. Жүргізушілердің айтуынша, кейбір жекеменшік жанармай бекеттері оның бір литрін 215 теңгеден сатқан. Ал жергілікті билік оның қысқа арналған дизель болғандықтан қымбаттағанын жеткізді. Бірақ атқамінерлер тығырыққа тіреген тапшылыққа қатысты жөнді түсініктеме бермеді.

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты