jasqazaq.kz

Дизель орнына бензин құйған жанармай құю бекетін сотқа берді

08 ақпан 2018, 10:58

Алматы аудандық соты Астанадағы жанармай құю бекеттерінің бірінде көлікке дизель орнына бензин құйып, салдарынан қозғалтқыштың істен шығуына қатысты істі қарады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

2016 жылғы қазан айында азамат Г. «Mitsubishi Delika» маркалы көлігімен Астанадағы жанармай құю бекеттерінің біріне барып, дизель отынын құятынын операторға ескерткен. Сосын кассаға барып, ол жерде де көлігіне дизель құйып алғысы келетінін айтқан.

«Бірақ жанырмай құю бекетінің қызметкері көлікке дизельдің орнына бензин құйып жіберген. Жанармай құю бекетінен 500 метр ұзаған кезде көлік кілт тоқтап, оталмай қалаған. Анықталғандай, дизель орнына бензин құйылған көліктің қозғалтқышы істен шыққан. Астана қаласы Алматы аудандық соты автокөлік иесіне 1 миллион теңге көлемінде шығынды өтеп беру туралы арыз-шағымды қанағаттандырды», — деп жазылған соттың хабарламасында.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды