jasqazaq.kz

Дипломмен бірге, 4 бөлмелі үйдің кілтін алды

10 желтоқсан 2018, 15:41

Семейде Әуезов атындағы педагогикалық колледждің оқытушылары өз студенттеріне үй алып берді.

Колледж директоры Шағангүл Жанаева мұндай қайырымдылық шарасын 4 жыл бұрын жоспарлаған екен. Педагогтер ұжымы әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы студенттерге көмектесу туралы игі бастамаға қолдау білдіріп, 4 жыл көлемінде бір күндік жалақыларын аударып келген.
Бұл туралы Semeyainasy.kz агенттігіне сілтеме жасап  Stan.kz  хабарлады. Колледж ұжымы көмектескен бірінші студент – Айгерім Кузбасова. Бүгінде ол мамандығы бойынша жұмыс істеп, отбасымен бірге өз пәтерінде тұрып жатыр.

«Тағы бір қыздың ата-анасы жоқ, толық жетім. 2015 жылы колледжді тәмамдады. Осы жолы оған ақша жинап бітірдік. Таяуда оған пәтердің кілтін табыстадық», – дейді директордың оқу ісі бойынша орынбасары Майра Тоқтарбек.
Колледж ұжымы қайырымдылық шарасын мұнымен тоқтатпақ емес. Айтуларынша, колледжде әлі де көмекке мұқтаж студенттер бар.
«Барша ұжымға алғыс білдіремін. 2014 жылғы түлекпін. Педагогикалық колледжді «Бастауыш білім мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдадым. Бүгінгі таңда №34 мектепте жұмыс істеп жатырмын. Дипломмен бірге, 4 бөлмелі үйдің кілтін алдым. Ол жерде монша, гараж да бар. Көмекке қатты зәру болған кезімде үлкен қолдау көрсетті», – дейді Айгерім Кузбасова.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді