jasqazaq.kz

Дипломат Асхат Нұсқабай дүниеден озды

18 шiлде 2021, 11:54

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесі Бас Хатшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Парламентінің өкілетті өкілі Асхат Жарылқасынұлы Нұсқабайдың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты жақындары мен туған-туыстарына орны толмас ауыр қайғыға ортақтасып көңіл айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Өз атымнан және Мәжіліс депутаттарының атынан ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесі Бас Хатшысының орынбасары — Қазақстан Республикасы Парламентінің өкілетті өкілі Асхат Жарылқасынұлы Нұсқабайдың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғырып көңіл айтамыз. Дипломатиялық қызметте мол тәжірибесі бар Асхат Жарылқасынұлы Қазақстан мен Қырғызстанның, Қазақстан мен Ресейдің мемлекетаралық қатынастарын нығайтуға зор үлес қосты. Қазақстан Республикасы Парламентінің өкілетті өкілі — ТМД ПАА Кеңесі Бас хатшысының орынбасары лауазымында ТМД елдері арасындағы парламентаралық ынтымақтастықтың дамуына ықпал етті. Еліміздің патриот азаматы Асхат Жарылқасынұлы туралы жарқын естеліктер жақындарының жүрегінде мәңгі сақталады», – деді Нұрлан Нығматулин.

Асхат Жарылқасынұлы Нұсқабай Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі саласында 1997 жылдан бері жұмыс істеп келді.

«I класты кеңесші» дипломатиялық дәрежесі бар.

2017 жылғы қазанда ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесі Бас Хатшысының Орынбасары — Қазақстан Республикасы Парламентінің өкілетті өкілі болып тағайындалды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия