jasqazaq.kz

Диплом сатып аламын деп, 700 мың теңгесінен айырылды

19 қараша 2021, 12:15

Шымкентте диплом сатып алмақ болған түркістандық 700 мың теңгесінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әл-Фараби ауданды Полиция басқармасына Түркістан облысының тұрғыны арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, бейтаныс азамат Шымкент қаласындағы оқу орындарының бірінен диплом жасап беретінін айтып, алаяқтық жолмен 700 мың теңгесін алған. Алайда арада уақыт өтсе де не диплом, не ақшасын кері қайтарып ала алмаған.

Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тізіліміне тіркеді.

Жедел-тергеу тобы арызданушы азаматшаның жауабына сәйкес шұғыл-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары азаматтың жеке басын анықтап, оны Әл-Фараби АПБ-на жеткізді.

Алаяқтық жасаған азамат жәбірленушінің ақшасын алғанын мойындады. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оның осыған ұқсас басқа да алаяқтық жайттарына қатысы бар-жоғы анықталуда.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық