jasqazaq.kz

Диплом, магистрлік ғылыми жұмыстарды жазып, сататындар жазалануы мүмкін

18 наурыз 2019, 12:22


Интернет желісінде ашық түрде диплом, магистрлік ғылыми жұмыстарды жазып, сататындар жазалануы мүмкін. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысындағы департаменті осындай бастама көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осы қызметтің жарнамасына заңды түрде тыйым салу бастамасы Алматы облысында көтерілді. Ұсыныс білдірушілер бірінші кезекте диплом, диссертациялық жұмыстардың арнайы базасын енгізу қажет деп отыр. Себебі, осы база арқылы ғана әр дипломның қанша рет қолданылғаны, қалай, қайдан шыққанын анықтау мүмкін болады дейді олар. Сонымен қатар, диплом жұмыстарын антиплагиатқа тексеру жөніндегі құзіретті жоғары оқу орындарына емес, уәкілетті органдарға беру қажет. «Ондай сайттарға Қазақстанда тыйым салынбаған. Сол мәселеге мемлекет, Үкімет, министрліктің назарын аударып, ұсыныс жасап, осы бойынша оған шектеу қоятын, жазаға тартатын, айыппұл салатын ержелерді енгізуіміз керек», — деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Серікбай Нұрғисаев. Агенттік өкілдерінің сөзінше, ақшаға диплом жазатындарға, оны сатып алушыларға жаза қолдану арқылы ғана білімге қойылатын талап күшейеді. Қазір дипломды да, ғылыми жұмысты да еш қиналмастан интернет арқылы жаздырып алуға болады. Ол үшін ғаламторды ашып, диплом жұмысы деген сөзді терсеңіз болды, түрлі ұсыныстар қаптап шыға келеді. Мәселен, колледждерге жазылатын дипломның құны — 50 мың теңгеден, бакалаврдікі — 65 мыңнан, ал докторлық диссертацияның бағасы 500 мың теңгеден басталады.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда