jasqazaq.kz

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу

14 желтоқсан 2018, 14:18

    12 желтоқсан күні Алматы қаласы, Дін істері жөніндегі басқармасының  тапсырысы  бойынша қалалық Ішкі саясат бақармасының «Мониторинг және талдау» орталығы «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған» Алматы қалалық ақпараттық түсіндіру тобының жылдық қорытындысын жариялады.  Жиында 2018 жылы жүргізілген зайырлы мемлекеттегі дін саясаты, дінаралық төзімділік пен толеранттылықты насихаттау, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға арналған шаралардың жемісті нәтижелері мен қорытындылары айтылды.

Шара барысында сөз алған Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Есенбеков ең алдымен шараға қатысушыларды алда келе жатқан Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

Ол: «  Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында еліміз үлкен жетістіктерге жетіп отыр. Дінаралық келісімді іске асыру  мақсатында көптеген жұмыстар атқарылды. Алматы қаласы бойынша діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға байланысты нақты жоспар бекітіліп, сол бойынша нақты іс-шаралар жүзеге асырылды. Жалпы биылғы жылы да дінге байланысты мәселелер өзектілігін жойған жоқ. Өйткені дін төңірегінде әлі де болса шешімін таппаған дүниелер бар. Сондықтан біздің ақпараттық жұмыс тобы мемлекет тарапынан берілген тапсырманы нәтижелі орындады. Сонымен қатар қаламыздағы дін мәселеріне байланысты жағдайлардың бірте — бірте жақсарып келе жатқандығын қуана айта аламыз. Мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының араласуымен дін саласындағы мәселелер қолға алынып отыр. Дін істері басқармасының алдында бірқатар жұмыстар қолға алынған болатын. Олар: Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, діни бірлестіктердің татулығын сақтау, радикалды ағымнан зардап шеккен азаматтарға оңалту жұмыстарын жүргізу. Сонымен қатар зайырлылық құқықтарын насихаттау бойынша әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру. Діни экстремизм мен терроризмге қарсы діни бірлестіктермен бірлесе отырып күрес жүргізу. Осы жүктелген міндеттердің барлығы орын алды деп айта аламыз»- деді.

Сондай-ақ шара барысында жыл басынан бері ақпараттық түсіндіру жұмыс нәтижелі атқарған ең үздік лекторлар марапатталды. Олардың ішінде теологтар, ұстаздар, діни бірлестік өкілдері мен заңгерлер де бар.

Марапаттау рәсімінен  кейін Алматының ішкі саясат басқармасының “Мониторинг және талдау орталығы” директорының орынбасары Нұрболат Айекешев Ақпараттық жұмыс тобының бір жылдық қорытындысымен бөлісті. Оның айтуынша, жыл басынан бері экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында жүргізілген ақпараттық жұмыс тобына саясаттанушылар, ұстаздар, қоғам қайраткерлері мен діни бірлестік қызметкерлері жұмылдырылды. Жыл басында жоспарланған 600 ден астам іс-шара өткізу бойынша нақты жоспар құрылған болатын. Жоспар толығымен орындалды. Алматы қаласының барлық аудандары қамтылды. Тек транспорттық жағынан қиынықтар болып қаланың шалғай аудандарында іс-шаралар аз қамтылды. Дегенмен де бұл олқылықтар алдағы жылы ескеріліп, жолға қойылатын болды. Жалпы қала бойынша 100 мыңнан астам тұрғынмен кездесу өтіп, ақпараттық түсіндіру шаралары өтті. Оның ішінде халық көп шоғырланған сауда орталықтары мен базарларда, жоғарғы оқу орындары мен емханаларда да кездесу өтті.

Шара барысында Алматы қалалық дін істері жөніндегі басқармаға алдағы жылы ақпараттық жұмыс тобының жұмысын әрі қарай дамытуға көптеген тың ойлар айтылды. Биылғы жылды қорытындылаған жұмыс тобы, келесі жылы ақпан айынан бастап жұмысын әрі қарай жалғастыратын болады.

Мақпал Ноғайбаева

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде