jasqazaq.kz

Діни ағым өкілдері адам ұрлады деп айыпталуда (видео)

24 сәуiр 2019, 12:25


Атырауда сәләфилік діни ағымды ұстанатындар үш адамды ұрлап, бопсалаушылық жасады деп күдіктеліп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Атырау полиция департаментінің экстремизмге қарсы күрес басқармасына сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, 16 сәуірде 1990, 1991 жылғы үш ер адам Өзбекстан азаматын ұрлап кетіп, оған күш көрсеткен. Мұнан кейін олар өзбекстандық азаматтың досынан 300 мың теңге талап етіпті. Анықталғандай, бұған дейін оған күш көрсетіп, 100 мың теңгесін тартып алған екен.

Деструктивті діни ағымды ұстанушылар ұсталғаннан кейін, олардан жәбірленушілерге тиесілі ақша және басқа да заттар тәркіленді. Сонымен қатар жәбірленушіні ұрып-соққан нун-чаки құралы, пышақ, «Лада Ларгус» маркалы көліктің кілті табылды. Олар көліктің кілтін жәбірленушілердің бірінен тартып алыпты.
«Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты адам ұрлау және бопсалау баптары бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — дейді басқармадағылар.
19 сәуірде сот күдіктілерді 2 ай қамауда ұстау туралы санкция шығарды. Күдіктілер кінәсін мойындады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

👤от подписчицы Мкр.Авангард

Публикация от ATYRAU | KAZAKHSTAN | 06🌸 (@atyrauoil.official)

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде