Дін мемлекеттің – рухани тірегі. Бүгінгі таңда еліміздің ішінде оңды-солды тіркеліп, діни үгіт-насихат жұмыстарын екпіндете жүргізіп жатқан әртүрлі діни бағыттағы бірлестіктер ата дініміздің бекіп өркендеуіне деген алаңдатушылығын туғызуда. Осы орайда, қаламыздағы бүгінгі діни ахуал қандай, діни бірлестіктердің бір-бірімен байланысы жайында Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы Діни бірлестіктердің байланыс жөніндегі бөлім басшысы Ерғали Көшекемен сұхбаттасқан едік.

Jasqazaq.kz: Алматыда бірнеше діни бірлестіктер орналасқан. Осы діни бірлестіктердің бір-бірімен байланысы қандай?
Ерғали Көшеке: Алматы қаласында 17 конфессиядан (Республика бойынша – 18 конфессия) құралған 179 тіркелген діни бірлестік жұмыс жасайды. 112 діни ғимарат тіркелген. Оның ішінде: 49 мешіт, 19 православтық шіркеу мен собор, 2 католиктік приход, 1 синагога, 1 Вон-буддизм конфессиясының діни ғимараты, 34 протестанттық конфессияның, 4 Ехоба куәгерлерінің, 1жаңаапостолдық шіркеуінің және Бахай қауымдастығының діни ғимараты.
Бұған қоса, Алматы қаласында ресми түрде 4 діни оқу орны тіркелген. Атап айтқанда:
— «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті;
— ҚР ҚМДБ жанындағы Имамдардың біліктілігін жоғарылату институты;
— «Әбу-Ханифа» колледжі (медресе);
— Православтық шіркеудің Алматы рухани семинариясы.
Сонымен қатар, қаладағы діни ортаны әрі қарай демократияландыру, барлық конфессияаралық қатынастардағы толеранттылықты және өзара төзімділікті жоғарылату жоспарында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді.
Сонымен, өткен жылы еркін консультативтік-кеңестік орган болып табылатын Алматы қаласының Діни бірлестіктері көшбасшыларының клубы құрылды және нәтижелі жұмыс жасауда.
Клубтың мақсаты мемлекеттік-конфессияаралық қатынастардағы өзекті тақырыптарды талқылау үшін діни бірлестіктер басшыларының ай сайынғы жиынын өткізу. Клуб мүшелерінің мүмкін болатын қызмет саласы діни сенім бостандығындағы, қоғамдағы рухани келісімді нығайтудағы және конфессияаралық қатынастарды үйлестірудегі Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясат мәселесі бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
Клуб жұмысына Алматы қаласы діни бірлестіктері басшылығының 30-дан астам өкілдері қатысады, оның ішінде 10-ы қала әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің мүшелері. Бұл діни беделділерден өзге мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кіретін Клуб және Кеңес сынды екі еркін рухани-қоғамдық қозғалыстың ажырамас екендігін білдіреді.
Кеңестің мақсаты біршама өзгеше. Ол діни сенім бостандығындағы, қоғамдағы рухани келісімді нығайтудағы және конфессияаралық қатынастарды үйлестірудегі Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясат мәселесі бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеуге бағытталған.
Қаламыз тұрғындарының көп конфессиялы болуы Алматы үшін ерекше мәнге ие. Бұнда Қазақстанда бар барлық діндердің бүкілі дерлік бар. Осы себептен дінге байланысты барлық тақырыптың өзектендірілуімен байланысты Клуб пен Кеңестің отырыстарын өткізу заңды түрде мәдени және ғылыми қоғамдастықта үлкен қызығушылық тудырады.
Jasqazaq.kz: Дінді деструктивті мақсатта пайдаланудың алдын-алу қалай жүзеге асырылуда?
Ерғали Көшеке: Дінді деструктивті пайдаланудың алдын-алу мақсатында Алматы қаласында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда құрамына теологтар, тарихшылар, белгілі қоғам қайраткерлері, психологтар, заңгерлер, саясаттанушылар, журналистер, діни бірлестіктердің өкілдері және т.б. жалпы саны 62 адам енетін ақпараттық түсіндіру тобы жұмыс жасауда.
Жыл басынан бүгінгі күнге дейін оқу орындарында, мекемелер мен еңбек ұжымдарында 608 іс-шара өткізіліп, 100 мыңнан астам адам қамтылды.
Осы орайда, халықтың деструктивті діни ағымдардың ықпалына бейім санаты арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын өткізуге басымдық беріліп, базарларда, сауда орындарында және құрылыс нысандарында профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Атап айтқанда, іс-шаралар «Текемет», «Орбита», «Түркістан», «Аэровокзал», «Белес», «Мерей», «ГУМ», «Мегатау», «Азия – Парк», «Пассаж», «Гранд Парк», «Алма» сауда орталығында, «Тұлпар», «Байсат», «Олжа», «Жетісу», «Тау Самалы», «Барыс-4», «Шолохов», «Болашақ» базарларында, «Промкомплект-В», СКА «7-Строй» ЖШС, «Вариант-V» ЖШС құрылыс компанияларында өткізіліп, бірқатар базарлар мен сауда орындарында іс-шаралар 2 реттен өткізілгендігін атап өткен жөн.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы профилактикалық жұмыстар қаладағы «Дәуір» баспасы, «Семирамида тігін фирмасы», «LamTech», «ZETA», «Metallcon», «АГС», «Алматылифт», «Жеңіс фирмасы» ЖШС, «Қазпочта», «Қазақтелеком», «Мұнайаспап», «Экспериментальный машиностроительный завод», «Келет» АҚ, «Метро Кэш Керри» және «Метрополитен» сынды кәсіпорындар мен мекемелерде жүргізілді.
Сондай-ақ, 5-7 қыркүйек аралығында қалаға іргелес жатқан Алматы облысының Алтын орда базарында да деструктивті діни ағым идеологиясының таралуының алдын алу маұсатында профилактикалық жұмыстар өткізілді.
Бұдан өзге, деструктивті діни ағым идеологиясы БАҚ және интернет кеңістікте, соның ішінде әлеуметтік желілерде кеңінен таралуда. Бұл мәселенің алдын алу мақсатында 10 қазақ тілінде және 10 орыс тілінде әлеуметтік ролик әзірленді. Бұл әлеуметтік роликтер жоғары оқу орындарында, ауруханаларда, адамдар көп шоғырланған орындарда көрсетілуде.
Jasqazaq.kz: Қазақстан Республикасының 2017-2020 жылдарға арналған дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасының жүзеге асырылуының басым бағыттары қандай?
Ерғали Көшеке: Алматы қаласында Қазақстан Республикасының 2017-2020 жылдарға арналған дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша қалалық іс-шаралар жоспары бекітіліп, жүйелі түрде жұмыстар жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыруға үкіметтік емес ұйым өкілдері, дін саласындағы ғалымдар мен сарапшылар жұмылдырылуда. Сондай-ақ, Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қызметкерлері діни бірлестіктер арасында тұжырымдаманың негізгі басымдықтарын және зайырлылық принциптерін түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізді. Осы ретте, үкіметтік емес ұйым өкілдерін жұмылдыра отырып бірқатар әлеуметтік жобалар жүзеге асырылды.
Атап айтқанда, «Діни қатынастар және діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру саласында заңнамалық нормаларды түсіндіру бойынша іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасы аясында базарларда, діни бірлестіктерде, жоғары оқу орындарында және колледждерде, еңбек ұжымдарында 31 кездесу өткізілді.
Сондай-ақ, «Дін, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері және блогерлер үшін ақпараттық және оқыту тренингтерін ұйымдастыру және өткізу» жобасы аясында жалпы саны 75 адам қамтылған 5 семинар-тренинг өткізілді. Тренингтің негізгі бағыттары діни экстремизм мен терроризм мәселелерін ашу, діни тақырыптар мен конфессияаралық келісімді жариялау, БАҚ арқылы азаматтарға ақпарат жеткізудің үлгілерін және әдістерін қарастыру бойынша мемлекеттік органдар мен БАҚ-тың өзара байланысы тәсілімен журналистер мен блогерлерді оқыту болды.
Бұдан өзге, «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыруға мемлекеттік емес ұймдар мен азаматтық қоғамды тарту бойынша іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасы аясында ғалымдар, дін саласындағы діни-сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік органдардың және саяси партиялардың өкілдері, жоғары оқу орындарының магистранттары мен докторанттары, Алматы қалалық діни бірлестіктер көшбасшылары клубының мүшелері қатысқан 2 конференция және 8 дөңгелек үстел өткізілді. Жалпы аталған әлеуметтік жобалар барысында зайырлы республикамыздағы діни ахуал, мемлекеттегі түрлі конфессия өкілдерінің арасындағы дінаралық, этносаралық қарым-қатынастағы толеранттылықты одан ары дамыту және еліміздегі тұрақтылықты сақтау мәселелері, зайырлы қоғамның басты құндылықтары түсіндірілді.
Сондай-ақ, ақпараттық түсіндіру топтарының іс-шаралары барысында тұжырымдаманың негізгі басымдықтары мен зайырлы қоғамның құндылықтары түсіндірілуде.
Сонымен қатар, тұжырымдаманы іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары аясында 4 фильм және белгілі сарапшыларды тарта отырып 10 видеосұхбат әзірленді.
Сұхбаттасқан Мақпал Ноғайбаева