jasqazaq.kz

Дін туралы заң жобасында киім мен сақал туралы айтылмапты

28 ақпан 2018, 17:45

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Мәжілісте қаралып жатқан «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң жобасында адамдардың киімі мен сақалына қатысты талаптар қарастырылмағанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң жобасы әзірленді. Оның нормалары дінге қатынасына қарамастан барлық азаматтардың құқықтарын қорғауға, діни бірлестіктер қызметі үшін мейлінше ашық және ыңғайлы жағдай жасауға, дінді деструктивті мақсатта пайдалануға жол бермеуге бағытталған», — деді ол.

Министр бұл заң жобасында оқушылардың киімі, міндетті екпе егу сияқты даулы мәселелер қамтылмағанын айтты.

«Кейбір адамдардың қате түсініктері, әдейі жасалып отырған және жалған бұрмаланған мәліметтері бойынша мынаны айтқым келеді. Заңның өзінде мектеп киімі, міндетті екпе егу нормалары туралы сөз қозғалмаған. Сақал, шалбар т.б. сөздер мүлде жоқ. Жалпы заң жобасы қоғам мен мемлекет алдында адамдар өз міндетін сақтай отырып, олардың құқықтары мен еркіндіктерін қамтамасыз етуді бірінші орынға қойып отыр. Заң жобасы еліміздегі тұрақтылық пен қауіпсіздіктің берік іргетасын қалыптастыруға бағытталған», — деді министр Сенат қабырғасында өткен ҚР азаматтық қоғамды дамыту мәселелері бойынша заңнамасын жетілдіру тақырыбындағы дөңгелек үстелде.

Еске сала кетсек, жақында ғана Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылған болатын.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде